Динара Алжанның бұл пікіріне желі қолданушылары жаппай қарсы шықты.
Болат Назарбаевтың тоқалы болдым деп желіні шулатқан әнші Динара Алжан сұхбат берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол Kezdesu-ге берген сұхбатында айтты.
Оның ер адамдар туралы айтқан ойы желіде қызу талқыға түсті.
"Қыдырмайтын еркекті мен еркек емес деп ойлаймын. Ер азаматтар жүруі керек, қыдыруы керек, оларға уақыт беру керек. Өйткені әрқашан үйленген әйелінің бетіне қарап, басқа әйелдермен сөйлеспесе, дамымаса мұндай өмір салты еркектерді жалықтырады. Қызғаныш та, махаббат та бар. Егер сен ер азаматты шын жақсы көретін болсаң, барлығына шыдайсың", - деді ол.
Сондай-ақ ол ер мен әйелдің қарым-қатынасы қалай болу керек екенін де айта өтті.
"Ер азаматты аймалау керек, сыйлай керек. Аяқ-киіміне дейін кигізіп беру керек. Еркекті сен қолдасаң ол еш жаққа кетпейді. Анасы оны мәпелеп өсіргеннен кейін азаматшалар, қыздар өте мықты болады. Қазіргі таңда ер азаматтарды көбі жамандайды, мен оны дұрыс емес деп ойлаймын. Егер олар болмаса біз құлпырмайтын едік. Ер азаматтарды сыйлап, сүйіп, мәпелесек сол уақытта бізде барлығы болады деп ойлаймын", - деп өз ойын бөлісті әнші.
Динара Алжанның бұл пікіріне желі қолданушылары жаппай қарсы шықты.
"Ақыл айтпаған не қалды өзі, әйтеуір, бәрі ақылшы, қазақты бұзу бағыты басталды ма", "Шаймашы, қатын", "Миы жоқ", "Өз қызыңа сондай ерке жолықсын", деді олар.