Қостанай облысында 200 миллион теңгеге салынған бөгетті су шайып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жангелді ауданына қарасты Шилі ауылындағы бөгет 2020 жылы салынған. Үш жылға шыдас бермеді. Шалғайдағы елдімекен тұрғындары ауыз сусыз қалдық деп дабыл қағып отыр. Ауылдағы жалғыз құдықтың суы ащы.
Еске салайық, сапасыз бөгет салғандарға қатысты қылмыстық іс қалалық сотта қаралып жатыр. Оларға қазына қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.