$ 484.11  528.79  5.03

Өскеменде бейімдеу орталығында бала зорлау фактісі бойынша тексеру жүріп жатыр

Балалармен жұмыс істеуде тәжірибесі бар кәсіби психологтар да тартылған.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Өскемен қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ШҚО бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ақсана Каленова мәлім етті.

"Өскемендегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы балаларға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасалғаны туралы ақпарат алдым. Бірден тиісті жұмыстар қолға алынды. Қазіргі басты мақсат – зорлықтың болғанын немесе болмағанын нақты анықтау. Балаларға қысым көрсетілуіне жол бермес үшін қала әкімдігінің көмегімен оларды "Үлбі" әлеуметтік орталығына жеткіздік", – дейді ол.

Ақсана Каленованың айтуынша, осыған байланысты арнайы жұмыс тобы құрылып, оның құрамына білім, денсаулық сақтау салаларының, құқық қорғау органының өкілдері және қоғам белсенділері кірді.
Балалармен жұмыс істеуде тәжірибесі бар кәсіби психологтар да тартылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары