$ 445.66  474.58  4.78

Қосымша білім мен үйірмелердің нәтижесіндегі жобалар

Үйірмеге қатысқанның арқасында осындай мүмкіндік туындап, қиялындағы ойды жүзеге асыра білген.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Адам баласының ойы мен қиялы шексіз әлем. Күнделікті өмірге пайдаланып жүрген барлық зат адамның қиялында туындап қолымен жасалған. Барлығы бар сияқты көрінгенімен әлі талай талай жаңашылдықтар мен жаңалықтар алда екені сөзсіз. 

Ғылым мен білімге, өнерге құмар жандарға ерік беру керек, қолдау керек сонда небір туындылар дүниеге келеді дейді психолог-ғалымдар. Әсіресе кішкентай кезден балалардың ұшқыр ойын ұштап, дамуына жағдай жасау керек. Мемлекет тарапынан негізгі білім мен қатар қосымша білім беру жүйесі дамып келе жатыр. Бүгінде түрлі туындылармен таңдай қақтырып жүрген балалар соның дәлелі. SkifNews порталы өнертапқыш оқуышылардың туындыларын жинақтады. 

Көз протезі 

ШҚО оқушылары көз протезін жасауға сыныптастарының жағдайы түрткі болған екен. Бұл жобаны жасауға 2 ай уақыт жұмсаған. 
«Жасанды көзді үнді робототехнигі Канти Шарманың үлгісімен құрастырдық», - дейді олар.
Оқушылар енді екінші көз протезін жасап, оны ары қарай мимен байланысын зерттеуді жоспарлап отыр. 

Шығыс Қазақстан облысында ауыл оқушылары көз протезін жасады: 2023 жылғы 16  наурыз, 19:05 - inform.kz жаңалықтары

«Қара жорға» билейтін робот

Түркістандық оқушы қазақтың қара жорғасына роботты билетті.  5-сынып оқушысы Аружан Смайл робототехника үйірмесіне қатысады. Жас өнертапқыш тәлімгерінің жетекшілігімен биші құлтемір жасап, көпшілікке таныстырды. Аружанның айтуынша, басты мақсаты қазақтың ұлттық ойындарын техникамен ұштастыру, осы арқылы ұлттық құндылықтарымызға қызығушылық тудырып, жаңашылдық жасау. 

Үйірмеге қатысқанның арқасында осындай мүмкіндік туындап, қиялындағы ойды жүзеге асыра білген. Ол бұл биші роботты көпшілікті Наурыз мейрамы қарсаңында тәнті етті. 

Кентауда оқушы «Қара жорға» билейтін робот жасады | BAQ.kz

«Ақылды» ферма

Бүгінгі таңда технологиялардың дамуымен қатар түрлі «ақылды» дүниелер көбейіп келеді. Түркістандық Елдос Елудің ғылыми жобасының бірі – «ақылды» ферма.

Елдос жасаған ферманың ақылды деп аталуының себебі, ол автоматтандырылған. Бұл ферма заман талабына сай жасалған, оны қашықтан басқаруға болады. Мақсаты ондағы жұмысшылардың уақыт ресурсын үнемдеу және жұмыстарын жеңілдету. Бұл идеяны жүзеге асыруға информатика пәнінің мұғалімі қолдау көрсетті дейді жас өнертапқыш. Ол бұл жобаны компьютердің көмегімен, 3D графиканы және өңдеуге арналған бағдарламаларды қолданған.

«Ультрадыбыстық датчик адам немесе малдың «ақылды» фермаға жақындағанын сезіп, серводатчиктың көмегімен шлагбаум көтеріліп, бірнеше секундтан кейін жабылады. Фермадағы датчиктер арқылы жұмыс істейтін аппараттар малға уақтылы жем-шөп, су беріп, түнгі жарықпен қамтамасыз етеді, малды әрі-бері жүргіздіріп немесе жүгіртіп тұрады. «Ақылды» фермадағы жұмысты мобильді телефонға орнатылған бағдарлама арқылы басқаруға да болады», - дейді жас өнертапқыш.

Түркістан облысында оқушы «ақылды» ферма жасады

Ауылды дамытуға арналған бірегей цифрлық жоба

Павлодарлық оқушылардың айтуынша, олар ауылдағы белсенді жерлестерінің пікірлерін ескере отырып, өз ауылдарының үшжақты макетін толық әзірлеп шыққан. Олар болашақта жүзеге асатын жобаны дайындауға 6 сағат жұмсаған. 

"Оқушылар жобаны ландшафтқа қойылатын экологиялық талаптар мен аумақтың ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырды. Жақсы өсетін дақылдарды ұсынды. Ұялы байланыс базалық станцияларының орналасқан жері де көрсетілген. Ауыл аумағында абаттандыру жоспары дайындалды. Оқушылардың виртуалды жұмысы нақты ландшафтта пайдаланылады", - дейді жоба танытырылған жарыстың қазылар алқасының төрағасы Евгений Фоменко.

Осылайша мектеп оқушылары мектептегі негізгі білімнен бөлек, қосымша білім мен үйірмелерге қатысудың нәтижесінде осындай жобаларды таныстырым отандық ғылымның дамуына, оның жастар арасында кеңінен насихатталуына өз үлестерін қосып жүр. 

Болашақта бұл жастардың қолынан Қазақстанды әлемдік деңгейде танытатын туындылар шығатынына толық сенеміз. Мектеп қабырғасынан ілім мен білім жарыстарына белсенді қатысып жүрген жастардың ертеңі де осы ғылым саласында дамыса отандық ғылымның қарыштап шығатыны айқын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#оқушылар