$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында тағы үшем дүниеге келді

Мерзімінен ерте дүниеге келген үшем перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған.
Фото: tsn.ua
Фото: tsn.ua

Түркістан облысының №1 облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді деп хабарлады turkystan.kz.

Жаңа туған нәрестелерге Марғұлан, Сафия, Самин есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 2260 гр, 1570 гр және 995 гр болды. Мерзімінен ерте дүниеге келген үшем перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған.

«Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақты. Үшем дүниеге келген отбасының екі ұлы бар. Көпбалалы ана сұлулық салонында жұмыс істейді. Үшемнің әкесі – электрик-монтажшы», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Үшем