$ 444.32  473.33  4.76

Еліміздің алты өңірінде қатты жел, тұман болады

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжанады.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

29 наурызда Астанада және еліміздің алты облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Астанада түнде және таңертең тұман болады деп болжанады. 

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің  екпіні 15-20 м/с құрайды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары