$ 494.87  520.65  4.91

Мәдени жады және қазіргі заманғы өнер

Қазақстанның бай және алуан түрлі табиғаты қазақ қолданбалы өнерінің түрлі-түсті және мазмұнды келбетін қалыптастыруға, дамытуға әсер етті.
фото: Massaget
фото: Massaget

Әр елдің өз мәдениетінің қайталанбас тарихы бар. Тарихи тұрғыдан алғанда, Қазақстан көпұлтты, көпконфессиялы республика, онда көптеген халықтар екінші Отанын тапты және әрқайсысы өзінің байлығын, алуан түрлілігін және жан-жақтылығын қосуға ықпал ете отырып, жалпы қазақстандық мәдениетті қалыптастыруға қайталанбас үлес қосты. Бұл туралы Skifnews.kz тілшісі жазды.

Бүкіл әлем елдерінің қолөнершілері жасаған өнер туындылары – бұл әр адамның жасау қажеттілігін білдіретін біртұтас мәдени кеңістік. Осы орайда халықтық-қолданбалы өнерді ұлттық мәдениеттің маңызды компоненттерінің бірі деп санауға болады. Бұл өнер иесінің шығармашылық әлеуетінің байлығы мен жан-жақтылығын жақсы көрсетеді және музыкамен, әнмен, ауызша және поэтикалық шығармашылықпен біте қайнасқан.

Қазақстанның бай және алуан түрлі табиғаты қазақ қолданбалы өнерінің түрлі-түсті және мазмұнды келбетін қалыптастыруға, дамытуға әсер етті.    Біздің ата-бабаларымыз қалдырып кеткен ең бай мұра мұражайлардың, жеке коллекциялардың меншігіне айналды. Бүгінгі таңда өз мәдениетіне деген қызығушылық жыл сайын өзекті бола түсуде. Бірнеше жыл бұрын қолданбалы өнер өткеннің сарқыншағы саналатын еді. Бірақ ұжымдық парасаттылықтың құндылығы мен маңызын түсінген адамдардың арқасында біздің бүгінде мұражай экспонаттары арқылы ұлт тарихына көз тастауға мүмкіндігіміз бар.

Жиырма жыл бойы түрлі этнографиялық экспедицияларға, оның ішінде Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институты ұйымдастырған экспедицияларға қатысқан М.С.Мұқанов халықтық қолданбалы өнерді зерттеуге үлкен үлес қосты.  Институт қызметкерлері қазақтың халық қолөнері мен ою-өрнектерін зерделеу бойынша негізгі жұмыстарды жүргізді. Бұл ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектері халықтық қолданбалы өнерді зерттеудегі аса құнды материал болып саналады, ол зерттеу базасын кеңейтуге және тереңдетуге ықпал етті.

Қазақ халқының рухани байлығын сақтауға деген ұмтылыс ғасырлар бойғы тарихқа, дәстүрлерге-этникалық мәдениетті және адамдардың әлеуметтік-тарихи тәжірибесін өзін-өзі сақтау, молайту және қалпына келтіру тетігіне негізделген. Этникалық жаңғырудың қазақстандық феномені рухани құндылықтарды сақтаудың жаңа мүмкіндіктерін ашып, оларды байыту мен дамытудағы өнердің айрықша маңызын атап көрсетеді.

Мысалы, Қазақстанның бейнелеу өнері қысқа тарихи кезеңде – ХХ ғасырдың 80 жылдарында құрылған. Бұған дейін қазақтардың көркем шығармашылығы негізінен қолданбалы, ою-өрнек өнерімен байланысты болған. Қазақ шеберлерінің көркем шығармашылығының заттары көшпелі өмірдің қажеттіліктері үшін жасалды, әр киіз үй жылжымалы мұражайдың бір түрі болды. Отандық бейнелеу өнерінің ұлттық өзін-өзі сәйкестендіруі бірден және айқын көрінді, ал тәуелсіздік жылдарында ұлттық дүниетанымның эстетикасы мен философиясы көркем тілдің жаңа құралдарымен үйлестіре отырып, ауқымды сипатқа ие болды.

Ұлттық архетиптер дәстүрлі формаларда – ою-өрнектерде, қолданбалы өнерде, қазіргі бейнелеу өнері-кескіндемеде, спектакльдер, бейнелеу өнері, дизайнда да көрініс тапқан. Самал желдің, тұлпардың тұяғының дүбірін, жайлаудағы көшпенді елдің қуанышын, шайқаста жақынын жоғалтқан жанның ащы дауысы мен бостандық салтанатының дыбыстарын – мыңдаған әуезді нюанстар арқылы ежелгі қобыз, жетіген, сырнай, домбырада ойнаудың орындаушылық тәсілдері жеткізе алады. Тұтас Қазақстанда  халық музыкасын орындаушылар саны өте көп, сондықтан біреуді бөле-жара атау өте қиын.

Қазақтың әуезді дәстүрі опера өнеріне енгізілді. Мұқан Төлебаевтың «Біржан және Сара», Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек», Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай», Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар сұлу» опералары-Қазақстанның классикалық музыкалық өнерінің інжу-маржандары композиторларымыз Кеңес Дүйсекеев, Серік пен Әліби Әбдінұровтар, Балнұр Қыдырбек, Сейдоллы Бәйтерековтерге үлгі болды. 

Халықтық дәстүрлер тарихында ойып тұрып орын алатын бағыт бұл - Қазақстан театрлары. Олардың репертуарында ұлттық тарих мәңгілік моральдық проблемалар тұрғысынан қайта қарастырылатын, халықтың салттық, музыкалық, фольклорлық дәстүрлерінің рухымен толықтырылатын спектакльдер сөзсіз басымдыққа ие.

Қазіргі таңдағы қазақ халқының мәдени дәстүрлерінің тағы бір қыры - заманауи костюм дизайнында көш бастап келе жатқан этно стиль.  Оның бастауы көшпелі мәдениеттің дүниетанымдық тереңдігімен астасқан. Fashion-индустрияның көп қырлы әлемінде қазақстандық дизайнерлер топтамасы этномәдени бағытты сәйкестендірумен, функционалдылығымен, орындаушылық шеберлігімен ерекшеленеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары