$ 442.05  474.14  4.74

«Керемет шоу көрсетемін»: Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегінің уақыты мен қарсыласы туралы мәлімдеме жасады

Орта салмақтағылардың барлығы менен қорқып қалды.
Фото: janibek_alimkhanuly инстаграм парақшасынан
Фото: janibek_alimkhanuly инстаграм парақшасынан

WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады. Ол чемпиондық белбеуін екінші рет қорғайды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Отандасымыздың келесі қарсыласы – канадалық Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО). Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған және 13 мамырда Калифорния шатындағы "Стоктон-Аренада" өтеді. 

"Орта салмақтағылардың барлығы менен қорқып қалды. Сондықтан жекпе-жекке келіскені үшін Стивен Батлерге лайықты бағасын беру керек. Мен дивизиондағы барлық титулдарды біріктіргім келеді. Бірақ Батлерге назар аудармай өтіп кетуге болмайды. Ол мықты әрі күшті қарсылас. Сондықтан Стоктонда жанкүйерлерге және ESPN арқылы тамашалайтындарға керемет шоу көрсетемін деп ойлаймын”, - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары