Алматы облысында оқушы баланы сынып алдында соққыға жыққан мұғалім жұмыстан қуылды деп жазады Tengrinews.kz. Педагогтың балаға қол көтерген сәтін сыныптастары камераға түсіріп, видеоматериалды әлеуметтік желілерде таратып жіберген.
Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлованың айтуынша, оқиға 23 желтоқсан күні орын алған. Оқушыны ұрған мұғалім Іле ауданы Байсерке ауылындағы №9 орта мектептің химия пәні мұғалімі екен. Анықталғандай, жәбірленген оқушы бала оның алдында мұғалімнің қызын ұрған көрінеді. Сабақ арасындағы үзілісте сыныпқа келген педагог қызын ренжіткен оқушыны осылайша тәрбиелемек болған.
"Келесі күні - 24 желтоқсанда мұғалім оқушыға қол көтергені үшін жұмыстан шығарылды", - дейді Ләззат Базарқұлова.