$ 486.44  534.31  5.06

Жантүршігерлік жол апаты: бес адам көз жұмды

Төрт жолаушы орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

1 сәуірде таңғы сағат 8.00 шамасында Алматы-Көкпек-Көктал тасжолында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, бес адам қаза тапты, тағы үш адам жарақат алды, – деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, Audi 100 автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі Алматы-Көкпек–Көктал тасжолының 196 шақырымында жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, 1964 жылғы азамат тізгіндеген Audi С4 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апатынан Audi 100 жүргізушісі мен оның үш жолаушысы (біреуі – бала), сондай-ақ Audi С4 жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Әртүрлі дене жарақаттары бар төрт жолаушы Шонжы ауылында орналасқан орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Олардың бірінің жағдайы ауыр екені де нақтыланады.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ ауданының СДТБТ-да тіркелді.

Қазір қажетті сараптамалық зерттеулерді тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары