$ 449.58  486.94  4.86

Павлодар облысында автокөлік жүк көлігімен соқтығысты

Оқиғаның мән - жайы мен себептері тексеру барысында анықталады.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Павлодар облысында жол апаты болып, 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

1 сәуір сағат 12:45 шамасында Аudi автокөлігінің жүргізушісі кіші айналма көшесі бойында көлікке жол бермей, Hennigdorf тіркемесі бар Man автокөлігімен соқтығысқан.

Audi автокөлігінде болған жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.

"Жол апаты фактісі бойынша тексеру жүріп жатыр. Оқиғаның мән - жайы мен себептері тексеру барысында анықталады",-делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары