$ 498.34  519.72  4.85

Түркістан облысында өрттің салдарынан 50 адам эвакуацияланды

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен материалдық шығыны анықталып жатыр.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

2023 жылғы 1 сәуірде сағат 22.00-де 101 пультіне Кентаудағы 3 қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Өрттің ауданы - 4 шаршы метр.

Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен жеке құрамынан 10 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер  өртті сөндіру және адамдарды қауіпсіз орынға эвакуациялау жұмыстарымен айналысты.

Оқиға орнынан 50 адам, оның ішінде 10 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. 
Өрт сағат 22.11-де ауыздықталып, сағат 22.30-да сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен материалдық шығыны анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары