$ 479.38  531.63  5.27

Шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістандағы турнирде көш бастады

Қарсыласы бұдан бұрын Азия чемпионы атанған тәжірибелі шахматшы еді.
Фото: bibisarachess инстаграм парақшасынан
Фото: bibisarachess инстаграм парақшасынан

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің үшінші кезеңінде көш басына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістандағы турнирде көш бастады.

Қазақстандық шахматшы бұл жолы үндістандық Хампи Конерумен тең ойнады. Қарсыласы бұдан бұрын Азия чемпионы атанған тәжірибелі шахматшы еді. Тең ойыннан кейін Бибісара 4,5 ұпай жинап, көш тізгінін жеке-дара қолға алды.

Одан кейінгі орында 4 ұпаймен қытайлық Чжу Цзиньэр келе жатса, үшінші орындағы ресейлік Александра Горячкина 3,5 ұпай еншілеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары