$ 494.87  520.65  4.91

Астанада апатты үйлердің тұрғындары үшін 3000 жуық пәтер салынады

Әкімнің сөзінше, бас қалада 200-ден астам апатты үй бар.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек, апатты және ескі үйде тұратын елордалықтарды жарылқаймын деп уәде берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Олар үшін алдағы 3 жылда 3000ға  жуық жаңа пәтер салынады. Әкімнің сөзінше, бас қалада 200-ден астам апатты үй бар. Қазір сүрілетін баспаналардың тізімі жаңартылып жатыр.

Жалпы Астанада ұзын саны 16 тұрғын үй алабы бар екен, онда әрбір төртінші елордалық тұрады. "Пригородный" алабының тұрғындарымен кездесіп, жұртшылықтың базынасын тыңдаған Жеңіс Қасымбек, көтерілген мәселелердің шешілуін жеке бақылауында ұстайтынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары