$ 498.34  519.72  4.85

Ердоған АҚШ елшісін Түркиядан қуып жіберді

Елші үшін қазір Түркияның "есіктері жабық".
Фото: hvylya.net
Фото: hvylya.net

АҚШ-тың Түркиядағы елшісі Джефф Флейк енді Анкара шенеуніктерімен кездесулер өткізе алмайды. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ердоғанның мұндай мәлімдеме жасауына Флейктің жақында Түркиядағы сайлауда оппозициялық кандидат Кемал Кылычдароглумен кездесуі себеп болған.

"Джо Байденнің елшісі Кемал мырзаға барған. Қалай ұялмайсың, кішкене ойлану керек қой. Сен елшісің. Сенің сұхбаттасушың – президент", - деді Ердоған.

Оның сөзінше, Флейк үшін қазір Түркияның "есіктері жабық".

"Сен өз орныңызды білетін боласың. Елші ретіндегі міндетіңді түсінесің. Сен елшінің қалай жұмыс істеуі керегін ұғатын боласың", - деді Ердоған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары