$ 487.37  532.94  5.09

«Серік Күдебаев Қазақстан шекарасын кесіп өткен жоқ» - ҰҚК Шекара қызметі

Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінген.
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

ҰҚК Шекара қызметі ресми сайтында халықаралық іздеу жарияланған Серік Күдебаевтың Қазақстан шекарасынан кесіп өтпегенін мәлімдеді, деп хабарлайды inform.kz.

"ҰҚК Шекара қызметі азамат Серік Мырзақұлұлы Күдебаевтың (01.01.1965ж.т.) ресми жұмыс істеп тұрған өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтпегенін хабарлайды. Бүгінгі күні шектес мемлекеттердің шекара өкілдері аппаратымен өзара іс-қимылда тексеру тағайындалды", - делінген хабарламада.

Тексеру нәтижесі қосымша хабарланатын болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары