$ 482.86  533.17  5.08

Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың жаңа әдістері таныстырылды

Ол жерде Германия тәжірибесі жан-жақты қолдау тауып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың тиімді құралы ретінде бағаланды.
Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Халықаралық тәжірибені зерделеу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың ең тиімді құралдарының бірі “ODARA” әдістемесі деп танылып жүр.   Ішкі істер министрлігінің арнайы зерттеуі барысында аталмыш тәсіл арқылы құқық бұзушылықтарды жасау қаупін бағалаудың мүмкіндігі өте жоғары екені дәлелденген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, бұл әдіс алғаш рет Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың, ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаеваның, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың, Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдарәлінің, ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиевтің қатысуымен өткен “Әріптестік – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу құралы” атты форумда тыңдалды. Ол жерде Германия тәжірибесі жан-жақты қолдау тауып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың тиімді құралы ретінде бағаланды.

«Осы форумда агрессорлармен жұмыс істеудің бұл әдісін бірқатар қалаларда, соның ішінде Алматыда енгізу туралы шешім қабылданды. Ол бірінші наурызда пилоттық режимде басталды. Бүгін біз отбасылық зорлық-зомбылық қаупін бағалау бойынша ведомствоаралық топ құру мақсатында дөңгелек үстел өткіздік. Мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектор қосылды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың жаңа әдістемесінен оң нәтиже күтеміз», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары Диас Дуанбеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы