$ 498.34  519.72  4.85

Биыл елімізде шегірткеге қарсы бюджеттен шамамен 4 миллиард теңге бөлінді

Ауыл шаруашылығы министрлігінде нақтыланғандай, әкімдіктермен бірлесіп, өңірлерде жедел штабтар құрылып, мониторинг пен химиялық өңдеу бойынша жұмыс жоспары бекітілді.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қазақстанда 2023 жылы шегірткеге қарсы күреске мемлекеттік бюджеттен 4 миллиардқа жуық теңге бөлінді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

«Биыл шегіртке зиянкестерімен күресуге республикалық бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлінді. Мамандардың айтуынша, шегірткелер 1,6 млн гектарға таралуы мүмкін. Бүгінгі таңда 385,3 мың гектар аумақта пестицидтердің қажетті қоры қалыптастырылды» делінген хабарламада.

Ауыл шаруашылығы министрлігінде нақтыланғандай, әкімдіктермен бірлесіп, өңірлерде жедел штабтар құрылып, мониторинг пен химиялық өңдеу бойынша жұмыс жоспары бекітілді.

«Аумақтарды өңдеуге мамандандырылған техника, оның ішінде жерүсті және әуе көлігі тартылады» деп толықтырды министрлік.

Министрліктің мәліметінше, бүгінге дейін Түркістан облысында марокколық шегіртке дернәсілдерінің инкубациялануы байқалған.

«Облысқа пестицидтер толығымен жеткізілді. 8-9 сәуірде қорғаныс шараларын жүргізуді бастау жоспарлануда. Басқа аймақтарда шегіртке ошағы анықталса, жерді химиялық өңдеу басталады. Бірлескен сараптамалар көршілес мемлекеттермен шекаралас аумақтарда жүргізіледі. Бұл жөнінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары Ресей, Қытай және Өзбекстаннан келген әріптестерімен алдын ала келісіп алған» деп қорытындылады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары