$ 481.84  531.33  5.07

Қарақат Әбден шетелдіктермен некеге тұрғандарға салық салуды ұсынды

Неге енгізбеске?
Фото: Қарақат Әбден фейсбук парақшасынан
Фото: Қарақат Әбден фейсбук парақшасынан

Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты, президенттікке экс-кандидат Қарақат Әбден елімізде шетелдіктермен некеге тұруға салық енгізу туралы ұсынысты қолдайтынын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол осы мәселе бойынша журналистердің қойған сауалына жауап бере отырып, ұсынысты қолдау үшін жұмыс істейтінін айтты.

"Осы кезге дейін айтқандарымның бәрін, барлық идеяларымды, көтерген барлық мәселелерді кейінгі қызметімде де жалғастырамын. Қазір айтып отырған шетелдіктермен некеге тұруға салық салу ұсынысын әлі де ашу керек. Қалай жүргізілетінін түсіндіру керек. Неге енгізбеске? Әрине қолдаймын" – деді Әбден.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары