$ 494.87  520.65  4.91

«Динара Әлжан бірге суретке түсуді өтінді» - Ғабидолла Әбдірахымов сұхбат берді

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды әрі сандырақ!
коллаж: kznews
коллаж: kznews

Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы екенін мәлімдеген Динара Әлжан «Уақыт көрсетеді» YouTube-арнасында Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен де арақатынасы болғанын жариялаған еді. Ғабидолла Әбдірахымов осы ақпаратқа қатысты алғаш рет Massaget.kz тілшісіне эксклюзив сұхбат берді.

Динара Әлжан сұхбат барысында Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтан алған жалпы сомасы 70 мың долларды қалай жұмсағанын да айтқан еді.

Ал Ғабидолла Әбдірахымов бірнеше күн бойы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіні шулатқан ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, бәрі жалған екенін айтты.

«Иә, оқыдым, көрдім, бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды әрі сандырақ!» – деді ол.

Бірақ Шымкенттің бұрынғы әкімі Динара Әлжанмен таныс екенін жоққа шығармады.

«Таныспын, егер мұны солай атауға болса. Бірде Шымкентте досымның жұбайының мерейтойына шақырылдым. Әнші Динара Әлжан осы іс-шарада басқа шақырылған эстрада әртістерімен бірге өнер көрсетті. Мұндай іс-шараларда әдетте болатындай Динара Әлжан бірге суретке түсуді өтінді. Бұл сурет сол жерден», – деп түсіндірді Ғабидолла Әбдірахымов.

Айта кетейік, Динара Әлжан Youtube-тегі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында сұхбат берді. Әңгіме барысында ол Шымкенттегі тойлардың бірінде Әбдірахымовпен танысып, би билегенін айтқан. Динара Әлжан экс-әкім оған үй сатып алуға 70 мың доллар және 20 мың доллар тұратын сырға сыйлағанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары