$ 489.06  536.21  5.05

«Ірі мұнай компаниялары Қазақстан үкіметін сотқа берді» - Bloomberg

Наурызда Үкімет Женева мен Стокгольмдегі Қашаған мен Қарашығанақ істерін қадағалау үшін төрешілерді тағайындады.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Ірі мұнай компаниялары Қазақстан үкіметін сотқа берді деп жазады Bloomberg сайты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Bloomberg хабарлауынша, екі ірі мұнай кен орны (Қарашығанақ және Қашаған) рұқсат етілмеген шығындар бойынша айыптауларға байланысты төрелік сотта үкіметтен талап арыз алған. Оның ішінде үкімет жобалар бойынша серіктестер Қашаған бойынша $13 млрд және Қарашығанақ бойынша $3,5 млрд мөлшерінде шығындарды шегермеуі тиіс деп мәлімдеді.

"Наурызда Үкімет Женева мен Стокгольмдегі Қашаған мен Қарашығанақ істерін қадағалау үшін төрешілерді тағайындады. Дереккөздердің айтуынша, компаниялар өз төрешілерін әлі тағайындаған жоқ", - деп жазады басылым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары