$ 498.34  519.72  4.85

Қазақ-өзбек шекарасы арқылы жанар-жағармай заңсыз тасымалданған

Түркістан облысында заңсыз мұнай өнімдерін тасымалдаудың 94 дерегі анықталды.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Елімізден сыртқа заңсыз жанар-жағармай тасымалдау тыйылмай тұр, деп хабарлайды 24.kz.

Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері өңірдегі қазақ-өзбек шекара бекеттері арқылы заңсыз мұнай өнімдерін тасымалдаудың 94 дерегін анықтады. Энергетика, Қаржы, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен бұйрығына сәйкес, еліміздің аумағынан мұнай өнімдерін көлікпен алып шығуға 6 айға тыйым салынған.

Қолданыстағы заңға сәйкес, шетел азаматтарына 450 теңгеден 300 литрден артық сатуға тыйым салынған. Алайда сыбайластық пен пайдакүнемдікке жол берген кейбір кәсіпкерлер заңды белден басып, көрші елдің азаматтарына жанармайды қазақстандық бағамен және артығымен саудалағаны дәлелденді. Қазір осы іс бойынша тергеп тексеру амалдары жүріп жатыр.

«Заңсыз жанар-жағармай алып өту ҚР ҚК 197-бабында көрсетілген. Егер де тасымалдаушы мұнай өнімдерінің нақты құжаты болмаса, 40 күнге дейін қамауға алынады. Егер де залал мөлшері көп болса, 3-тен 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Ұйымдасқан қылмыстық топ болса, одан да көп мерзім көрсетілген», - деді Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Ерлан Дәуренов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары