$ 483.23  534.74  5.12

Қызылорда облысында 543 миллион теңге жымқырғандар анықталды

Тергеу нәтижесінде қазынаға 100 миллион теңге қайтарылды.
фото: newtimes.kz
фото: newtimes.kz

Қызылорда облысында мектептерден 543 миллион теңге жымқырғандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антикор Қызылорда облысындағы мектептерде лауазымды тұлғалардың жалған ақпарат беріп, бюджет қаражатын бөгде тұлғаларға аударғаны туралы 15 іс қозғады. Тергеу нәтижесінде қазынаға 100 миллион теңге қайтарылды. Қаржы жымқыруға қатысы бар білім басқармасының екі қызметкері ұсталып, үш мектеп директоры мен бес есепші жұмыстан босатылды.

"Анықталғандай, білім беру ұйымдарында тиісті бизнес-процестер автоматтандырылмаған. Яғни, "1С бухгалтерия" және "Қазынашылық-Клиент" бағдарламаларының кемшіліктерін пайдаланып, аса ірі көлемде бюджет қаржысы жымқырылған. Қаржылық операциялар қағаз жүзінде жүргізіліп, бюджеттік қаражат негізсіз артық көрсетілген", – деді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашықов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары