$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда пойыз жаяу жүргіншіні басып кетті

Медеу-Алматы темір жолының бойында жолаушылар пойызы ер азаматты басып кетті деп жазады Tengrinews.kz. Бұл туралы Жетісу көлік прокуратурасының өкілдері хабарлаған.

Қайғылы оқиға туралы ақпарат Алматы-1 станцисындағы желілік ішкі істер басқармасының кезекшілік бөліміне бүгін таңғы сағат 8:55-те келіп түскен. Белгілі болғандай, оқиға Медеу-Алматы темір жолының бойында сағат 8:15 шамасында орын алған.

"№301 Новосібір - Алматы-2 бағытында қатынайтын жолаушылар пойызы 40-45 жас шамасындағы адамды қағып кетіп, шұғыл тоқтауға мәжбүр болды. Жараланған ер азамат оқиға орнында қайтыс болған. Оның кім екенін анықтау жұмыстары жүргізілуде", - делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Осы жайттың салдарынан жолаушылар пойызы тек 25 минутқа қана аялдапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары