Автралияның батысында орналасқан Мур қаласында түсірілген осынау видеоролик небәрі екі апта ішінде 14 миллион рет қаралып, Facebook желісінде оны мыңдаған адам талқылап үлгерді.
Видеоматериалдан байқағаныңыздай, Автралияның жол салушылары асфальтті өте жылдам, әрі сапалы төсеуде. Роликке пікір білдіргендер жаңа әдіске таңданыстарын жаырған жоқ.
Видеороликті жариялаған автордың жазбасына сенсек, 5 шақырымдық жолды жұмысшылар небәрі екі күнде төсеп тастаған. Ал, жұмысқа кеткен шығын небәрі 443 мың долларды құрапты. Ал, австралиялық WAtoday порталының жазуынша, жол салушылардың өздері мұндай танымалдылыққа ие боламыз деп ойламаған.