Оқиға 4 сәуір күні шамамен сағат 16.40-та Ақсай қаласы Балдырған көшесінде болды.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, 1976 жылғы жүргізуші үйінің ауласында өзінің "Газ САЗ 35071" (самосвал) көлігін жөндеген. Тормоз сұйығын ағызу кезінде ол көліктің астында жатып, кәмелетке толмаған 2009 жылғы ұлына кабинаға отырып, машинаны оталдырып, тормоз тепкішін басып, өзіне көмектесуін өтінген.
Сол сәтте қосулы тұрған автокөлік өздігінен алға жүріп, ер адамды басып кеткен. Салдарынан ер адам аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркелді.
Дереккөз: nege.kz