$ 486.44  534.31  5.06

Петиция: Қарақат Әбденді депутаттық мандатынан айыру талап етілді

Еске салайық, Дина Таңсәрі петиция құрып, депутатты Парламенттен қууды талап ету ниеті жөнінде бірер күн бұрын айтқан.
Фото: Instagram / abdenkarakat
Фото: Instagram / abdenkarakat

Қоғам белсендісі Дина Таңсәрі  ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтен Мәжіліс депутаты Қарақат Әбденнің мандатын қайтарып алуды талап ететін петиция жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дина Таңсәрінің сөзінше, депутат конституциялық нормаларды бұзып, сайлаушылардың сенімін жоғалтты. Қоғам белсендісі президенттік сайлау алдындағы телекөпір барысында Әбден  шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарға қомақты салық салу керек деп айтқанын еске салды.

"Депутат бола отырып, ол әйелдердің құқықтарын кемсіту, жыныстық және ұлттық негіздер бойынша конституциялық емес нормаларды ілгерілету ниетін растады. Мәжіліс отырысында халықтың қызметшісі Қарақат Әбден депутат ретінде қазақ әйелдеріне шетелдіктерге тұрмысқа шыққаны үшін салық салу идеясын жүзеге асыра ма деген сауалға Әбден былай деп жауап берді:

- «Мен бір нәрсені айта аламын: менің айтқанымның бәрі, менің барлық идеяларым, мен айналысқан барлық мәселелер алдағы уақытта да жалғасын табады. Сіз қазір айтып жатқан нәрсені ашу керек, оның қалай болатынын түсіндіруіміз керек. Неге түсіндірмейміз. Әрине түсіндіреміз»,- делінген петиция мәтінінде.

Петиция авторларының сөзінше, бұл  Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабын бұзу болып табылады 

“Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді бұзуға қабілетті кез келген әрекеттер конституциялық емес деп танылады. Депутат Қарақат Әбден айтқандай, Қазақстан Парламентіне депутат бола отырып, әйелдер құқығын кемсітетін құндылықтарды ашық насихаттай отырып, халықтың талабы ретінде өзінің жеке сенімі мен идеясын жеткізуге тырысады”, – дейді олар.

Еске салайық, Дина Таңсәрі петиция құрып, депутатты Парламенттен қууды талап ету ниеті жөнінде бірер күн бұрын айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары