08.04.2023, 14:30

Алматыда дәрігерлер 10 жастағы баланың ішінен 1 келі шаш алып шықты

Фото: elements.envato.com
Ер баланың шашты, жүннен жасалған бұйымдарды, киізді шайнап, жұтатын жаман әдеті болған.

Алматыда №2 БҚКА хирургтары ер баланың асқазанынан шаш пен жүн шумағынан пайда болған трихобезоарды алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

10 жастағы бала Алматының №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне шұғыл тәртіпте іштің ауырғанына, құсып, әлсіз, мазасыз болғанына шағымданып түскен келіп түсті. Анасының айтуынша, баланың аузына бөгде заттарды салатын әдеті бар. Іш қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы кезінде асқазанда бөгде зат бары анықталды.

Клиника хирургтары бөгде затты хирургиялық жолмен алып тастау - "Гастротомия" жүргізу туралы шешім қабылдады.

Оператор Марат Каптагаев, ассистент Азат Олжабаев және анестезиолог-реаниматолог Жандос Шолаков 90 минутқа созылған операцияны сәтті аяқтады, асқазан мен он екі елі ішектен трихобезоар алынды. Ер баланың асқазанында диаметрі 20 және 15 сантиметр, шырыш пен тамақ қоспасы бар 900 граммдық шаш пен жүн алынды. Ер баланың шашты, жүннен жасалған бұйымдарды, киізді шайнап, жұтатын жаман әдеті болған. Үйде бала кілемнің түгін ұстап, жегені анықталды.

№2 БҚКА хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Марат Каптагаев трихобезоар ұйысқан қорытылмаған заттардың - асқазан сөлінде түйіршіктеліп, тығыз шумаққа жиналған, тамақ массалары бар шаш пен жүн жиналғанын айтты.

"Ер баланың жалпы жағдайының ауырлығына және жасалған операцияның күрделілігіне байланысты ол бірнеше күн реанимация бөлімінде болды, содан кейін хирургиялық бөлімде одан әрі емделді және 11-ші күні ауруханадан қанағаттанарлық жағдайда шығарылды", - деп хабарлады балалар хирургі.

Алматы қаласының № 2 БҚКА бас дәрігері Марат Рабандияровтың айтуынша, асқазан-ішек жолдарының трихобезоары - өте сирек кездесетін патология, бірақ қазіргі заманғы абдоминал хирургияның өзекті мәселесі.

"№2 балалар ауруханасында жоғары кәсіби мамандар жұмыс істейді, олар тәулік бойы аптасына 7 күн біздің кішкентай емделушілерге жоспарлы және шұғыл тәртіпте операция жасап, көмекке келуге дайын. Олар біздің балаларымызға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді, бұған біздің ауруханада сараптамалық сыныптағы заманауи жабдықтардың болуы да ықпал етеді", - деп атап өтті клиника басшысы.

№2 балалар ауруханасының дәрігерлері безоардың ауыр және өмірге қауіп төндіретін асқынуларға әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Ата-аналар үшін балаларының патологиялық мінез-құлық реакцияларына ерекше назар аудару өте маңызды, ал бұл жаман әдеттер болса, дереу мамандарға - психологтарға (психотерапевттерге), невропатологтарға, гастроэнтерологтарға жүгіну керек.