Қазгидромет мамандары күннің бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
10 сәуір күндіз, 11 сәуірде тәулік бойы Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 10-11 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні - 23-28 м/с, 10 сәуір күндіз, 11 сәуір түнде облыстың оңтүстік-батысында кей уақытта жел қарқыны 30 м/с асады.
Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді.
10 сәуірде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.
Түнде Маңғыстау облысыныңоңтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстік-батысында тұман болады.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде күн күркірейді. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде жел екпіні - 15-20 м/с.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20, кей уақытта 23-28 м/с. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарында 3 градус үсік сақталады.
10 сәуір таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың басым бөлігінде кей уақытта найзағай ойнап, таулы аудандарда бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың басым бөлігінде жел қарқыны - 15-20, күндіз кей уақытта - 23-28 м/с.
Шымкент қаласындатаңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта күн күркірейді, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші - 15-20, 10 сәуір күндіз кей уақытта 23 м/с асады.
10 сәуір түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде жел қарқыны - 15-20, екпіні - 23 м/с. Ауа температурасы күндіз 9-14 градус жылы.