10.04.2023, 07:30

Шымкентте 20-дан астам футбол жанкүйері полицияға жеткізілді

Иллюстративті фото - Sputnik Қаз© Sputnik / Абзал Калиев
Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы барды.

Шымкентте 20-дан астам футбол жанкүйері полицияға жеткізілді, деп хабарлады Polisia.kz.

Еңбекші АПБ-на 102 арнасы арқылы Уәлиханов көшесіндегі "Прага" кафесінің жанында ер адамдар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы барды.

"Ордабасы" мен "Ақтөбе" футбол командаларының жанкүйерлері арасында жанжал болғаны анықталды. Қазіргі таңда полиция басқармасына 20 адам жеткізілді", - дейді полицейлер.

Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.