$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімін қамауға алу мерзімі ұзартылды

Антикор оны қамауға алу мерзімі ұзартылғанын хабарлады.
Фото: Ұлыс медиа
Фото: Ұлыс медиа

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Иматаев қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, жер телімін өзінің үлестес адамдарына заңсыз арзан бағаға сатып, мемлекетке 199,4 миллион теңге залал келтірді деген күдік бойынша тергеліп жатыр.

Антикор оны қамауға алу мерзімі ұзартылғанын хабарлады.

Ермек Имантаев 2002-2004 жылдары Ақтөбе облысының әкімі болды, одан кейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің, ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасының Мемлекеттік инспекциясының мемлекеттік инспекторы болып ауысты. 2010 жылдан бастап Астанада түрлі құрылымдарда еңбек етті. 2019 жылдың қараша айында ол Ақтөбеге оралып, Ақтөбе ӘКК басшысы болып тағайындалды, онда 2021 жылдың наурызына дейін қызмет атқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары