$ 498.34  519.72  4.85

Әзірбайжан тұрғындарының салықтық қарыздары толықтай кешірілетін болды

Әзірбайжанда салықтық рақымшылық жарияланды. Президент Ильхам Әлиевтің осынау шешімі елдегі кәсіпкерлікті дамытуға және қолайлы бизнес-ортаны қалыптастыруға бағытталған деп жазады 1news.az.

Аталған жаңа заңға сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін төленбеген салықтық қарыздарға қосылған пайыздар түгел кешіріледі. Сонымен қатар, қаржылық санкцияларды кезең-кезеңмен кешіру де жоспарлануда. Осылайша, егер салық төлеуші биыл қаңтар айының соңына дейін қаржылық санкциялардың 30 пайызын төлесе, қалған 70 пайызын салық органдары кешіреді.

Ал, 2017 жылдың алғашқы екі айында салық төлеуші қаржылық санкцияның 50 пайызын өтеп тастаса, қалған 50 пайызы автоматты түрде жойылады. Немесе наурыз айының соңына дейін аталған қарыздардың 70 пайызын өтеген салық төлеуші қалған 30 пайызын мүлдем ұмытуына болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары