$ 498.34  519.72  4.85

Тәжікстан президенті өз ұлын Душанбе мэрі етіп тағайындады

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өзінің 30 жастағы ұлы Рустам Эмомалиді ел астанасы Душанбе қаласының мэрі етіп тағайындады. Бұл туралы Avesta.tj порталы жазып отыр.

Ал, Душанбені 19 жыл қатарынан басқарып келген Махмадсаид Убайдуллоев отставкаға жіберілді.

Айта кетейік, Рустам Эмомали бұған дейін Мемлекеттік бақылау және жемқорлықпен күрес агенттігін басқарған болатын. ТМД елдері арасында ол ең жас генерал болып есептеледі.

2016 жылы мемлекет басшысы Эмомали Рахмон президенттікке үміткерлердің жас шектеуін 35-тен 30 жасқа дейін төмендеткен болатын. Ол осылайша өз ұлының президент болуына жағдай жасады дейтіндер көп. Өйткені, келесі президенттік сайлау Тәжікстанда 2020 жылы өтеді. Бұл уақытта Рустамның жасы 33-ке толмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары