10.04.2023, 20:30

Ибрагим Магомадов Азия чемпионы атанды

Фото: qazsport
Грек-рим күресі шебері Ибрагим Магомадов Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль алды.

Грек-рим күресі шебері Ибрагим Магомадов Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль алды деп хабарлады turkystan.kz.

72 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған спортшымыз ирандық Саджед Али Именталабфуманиді 5:2 есебімен жеңіп, құрлық додасының жеңімпазы болды.