$ 489.06  536.21  5.05

Клебановқа тиесілі жылу электр орталығы кімнің есебінен жөнделетіні белгілі болды

Жылу-электр орталығының деңгейіндегі жылу желілерін коммуналдық меншігімізге алғандықтан бюджет есебінен қаржыландырамыз.
Фото: tv7.kz
Фото: tv7.kz

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұз тұрғындары келесі жылыту маусымында жылудан көрмейтініне сендірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Министр мен әкімдік аудитті аяқтағандарын айтып, баяндады. Екібастұз жылу-электр орталығының өзіне де, жылу желілеріне де қаражат бөлінеді. Жөндеу жұмыстары толық көлемде атқарылады. Облыс әкімінің өзі айтқандай мен оны бұл мәселеде қолдап отырмын. Келесі жылыту маусымында Екібастұзда проблема болмайды», - деді Скляр Үкімет кулуарында.

Сондай-ақ ол ЖЭО-ның бір бөлігі неліктен мемлекет есебінен жөнделетінін түсіндірді.

«Жекеменшік нысандарды жөндеуге мемлекет ақша бөлмейді. Сондықтан нақты бұл жағдайда жылу-электр орталығы мен жылу желілерін коммуналдық меншікке алып, жөндейміз. 5,3 шақырым желі жаңадан төселеді. Осы арқылы қаланы жылумен жабдықтау көрсеткішін жақсарту көзделіп отыр.

Мен Клебановтың атынан сөйлей алмаймын. Өзі үшін өзі айтсын. Біздің міндетіміз – Екібастұз қаласын жылумен орнықты қамтамасыз ету. Біз оны қамтамасыз етеміз, астын сызып айтайын: заңды жолмен қамтамасыз етеміз. Жылу-электр орталығының деңгейіндегі жылу желілерін коммуналдық меншігімізге алғандықтан бюджет есебінен қаржыландырамыз. Олар өздеріне тиесілі қондырғыларды қаржыландырады. Екі жақтап қаржы көлемін арттырып, жылумен жабдықтау мәселесін шешеміз", - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары