$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде екінші сынып оқушылары шет тілін оқымауы мүмкін

10-11 сыныптар үшін «Шетел тілі» пәні бойынша сағат саны ауыспалы жүктеме сағаттарына байланысты бір сағатқа ұлғайтылған.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Екінші сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан шет тілі алынып тасталуы мүмкін, деп хабарлайды NEGE портылы.

Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды. 

Құжатта 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап екінші сыныптарда «Шетел тілі» пәні алынып тасталатыны айтылды.

10-11 сыныптар үшін «Шетел тілі» пәні бойынша сағат саны ауыспалы жүктеме сағаттарына байланысты бір сағатқа ұлғайтылған.

«11 жылдық білім беру шеңберінде оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс қазақстандық білім беру жүйесін білім берудің халықаралық стандарттық жіктемесі деңгейіне дейін жеткізеді және мектеп түлектеріне Еуропалық біліктілік шеңберінің қажетті деңгейлерін меңгеруге мүмкіндік береді», деп айтылған түсіндірме хатта.

Түзетулер жобасы 24 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары