$ 441.58  480  4.86

Батыс Қазақстан облысында 6-сынып оқушысы жоғалып кетті

Бала қара күрте, көк шалбар, қара қалпақ және қара етік киген.
Фото: "Мой город"
Фото: "Мой город"

БҚО-да мектеп оқушысы 10 сәуір кешке үйден шығып кетіп, қайта оралмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 сәуірде сағат 21:00-де Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған ауылында 6-сынып оқушысы Әйтекеби Балмағамбет үйінен шығып, оралмаған.

Бала қара күрте, көк шалбар, қара қалпақ және қара етік киген.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалған оқушы туралы қандай да бір ақпаратты білетіндерден Бәйтерек аудандық ішкі істер бөліміне 8 (71130) 22-002, 22-448, 8 705 515 80 70 телефондарына немесе полиция бөліміне хабарлауды сұрап отыр: 102 , 8 (7112) 51 04 50, 92 10 26.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары