$ 476.89  505.27  4.95
Жаңалықтар 12.04.2023 сағат 10:00

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі келесі жекпе-жегінің датасын жариялады

Оның қарсыласы - бразилиялық спортшы Рафаэль Эстевам.
Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі келесі жекпе-жегінің датасын жариялады
Фото: zhumagulov_zhalgas инстаграм парақшасы

Аралас жекпе-жек шебері, қазақстандық Жалғас Жұмағұлов келесі айқасы қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«6 мамырға әрекет етіп жатырмыз, Иншаллах», - деп жазды Жұмағұлов Instagram-да. Ол сондай-ақ келесі жекпе-жегінің постерін жариялады. Оның қарсыласы - бразилиялық спортшы Рафаэль Эстевам. Ол 11 айқас өткізіп, бірде-біреуінде жеңіліп көрмеген.

Кездесу 6 мамырда Ньюаркадағы (Нью-Джерси) UFC 288 турнирінде өтеді.
Әуелде қазақстандықтың қарсыласы америкалық спортшы Натан Манесс (14-3) болуы керек еді, бірақ ол жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар