$ 494.87  520.65  4.91

«Солтүстік Қазақстан облысында сеператизм бойынша 18 адам жауапқа тартылуда» - Бас Прокуратура

Тәркіленген видеоға, сондай-ақ, әлеуметтік желідегі сюжетке сәйкес дереу сараптама тағайындалды.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Мәжіліс қабырғасында бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Солтүстік Қазақстан облысындағы сеператизм ісіне тоқталды деп хабарлайды Stan.kz.

Үй ішінен үй тікпек болған Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдай бойынша қазіргі таңда 18 адам жауапқа тартылып жатыр. Жандос Өмірәлиев осылай деді. 

“Әлеуметтік желідегі "Народный совет трудящихся" ұйымының мәлімдемелерінен кейін ҰҚК-нің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бірден қылмыстық кодекстің 180-бабының 2-бөлігі - "Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, адамдар тобында сепаратизмді насихаттау" бойынша қылмыстық іс қозғады. Олардың тұрғылықты жерінде де, жұмыс орнында да тінту жұмыстары жүргізілді. Тәркіленген видеоға, сондай-ақ, әлеуметтік желідегі сюжетке сәйкес дереу сараптама тағайындалды”, - деді ол. 

Сонымен қатар, Жандос Өмірәлиев бұл іс бойынша 18 адам жауапқа тартылып жатқанына тоқталды. Бірақ олардың іс-әрекеттері сараптамадан кейін ғана бағаланады.Әзірге сараптаманы Әділет министрлігінің қызметкерлері жүргізуде. 1 ай аралығында бұл жұмыс нәтижесі шықса, сол қорытындыға сай әрбіріне нақты айып тағылмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары