Синоптиктер 13-15 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтардың мәліметінше, суық антициклон және арктикалық ауа массалары кезінде республиканың барлық аумағында ауа температурасының күрт төмендеуі және қатты жауын-шашын күтіледі. Еліміздің солтүстік жартысында негізінен қар жауады, оңтүстік облыстарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Барлық облыста желдің күшеюі күтіледі, солтүстік облыстарда тұман, көктайғақ болады.
"Егер республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде 14 сәуірде салқын ауаның құлдырауы және ауа температурасының 10 градусқа күрт төмендеуі күтілсе, оңтүстік облыстарда бұл үрдічс15 сәуірге дейін жетеді. Республиканың солтүстігінде 20 градусқа дейін, оңтүстігінде 33 градусқа дейін ыстық күтілуде", - делінген хабарламада.