$ 495.2  522.34  4.94

Астанада өрт сөндіруші Асқар Забикулинге ескерткіш тақта орнатылды

Асқар Забикулин өмірін қатерге тіге отырып, тұрғындарды құтқарып қалғанымен, өзі қатты күйік алып, 20 қарашада ауруханада көз жұмды.
Фото: Астана қаласы ТЖД
Фото: Астана қаласы ТЖД

Астанадағы құтқарушылар саябағында 2022 жылы адамдарды құтқару кезінде ерлікпен қаза тапқан елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулинге арналған естелік тақта орнатылды, деп хабарлайды Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті.

2022 жылы 16 қарашада Астанада Момышұлы даңғылындағы 15 қабатты үйде өрт шығып, бес адам құтқарылған болатын. Сол кезде өрт сөндірушілердің бірі Асқар Забикулин өмірін қатерге тіге отырып, тұрғындарды құтқарып қалғанымен, өзі қатты күйік алып, 20 қарашада ауруханада көз жұмды.

Оның батыл, сауатты әрекеттерінің арқасында адам өмірі сақталды.  Қызметтік борышын орындау және адамдар өмірін құтқару  кезінде   көрсеткен ерлігі мен өз ісіне берілгендігі үшін, азаматтық қорғау капитаны Асқар Серікұлы Забикулин Қазақстан Республикасының "І дәрежелі Айбын" мемлекеттік наградасымен марапатталды. "Ол туралы жақсы естелік, өз ісінің маманы ретінде біздің жүрегімізде мәңгі қалады!", деді ТЖД өкілдері.

Іс-шара соңында Департамент бөлімшелерінің жеке құрамының жазғы нысанды киімін киюге жеке құрамның ұйымдастырылған ауысуы мақсатында саптық байқау өткізілді, оның қорытындысы бойынша қызметкерлер өздерінің толық дайындығын көрсетті. Астана қ. ТЖД бастығы Қ. Базарбаев саптық дағдылар деңгейін, бөлімшелердің үйлесімділігін, сыртқы келбетін, киім нысанын, қызметтік куәліктердің, жеке нөмірлері бар жетондардың, ТЖД және Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының айырым белгілерінің болуын тексерді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары