14.04.2023, 21:30

Әлия Назарбаева мен Қайрат Сатыбалды Алматы маңындағы 2 мың гектар жерінен айырылды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
Бұл жерлер Алматы облысының Жамбыл және Қарасай аудандарында орналасқан.

Әлия Назарбаева мен оның жиені Қайрат Сатыбалды Алматы маңында 2 мың гектар жерінен айырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы облысының прокуратурасы Өңірлік қадағалау органының Назарбаева мен Сатыбалды иелігіндегі жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарғанын растады. 

Аталған жалпы ауданы 2 мың га жер Алматы облысының Жамбыл және Қарасай аудандарында орналасқан.