$ 495.2  522.34  4.94

ҰҚК Сириядан бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызын елге қайтарды

Жақын кезеңде ол туыстарының қатарынан қамқоршыларға берілетін болады.
Фото: ҚР ҰҚК баспасөзІ
Фото: ҚР ҰҚК баспасөзІ

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ шетелдік серіктестерімен бірлесіп, азаматтарды террористік белсенділік аймақтарынан қайтару бойынша қарқынды жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2023 жылғы 11 наурызда Сириядан Қазақстанға бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызы қайтарылды. Оны қайтару бойынша гуманитарлық операция жарты жылдан астам уақыт бойы жүргізілді", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта бала Астана қаласының балаларды қолдау орталығында, психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Осы сәтте қыз бала медициналық тексеруден өтіп жатыр, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізілуде.

Жақын кезеңде ол туыстарының қатарынан қамқоршыларға берілетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Сирия #ҰҚК