Ақтауда полиция басшысының орынбасары қоластындағыларды ұрып-соққан. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеода Маңғыстау облысы ПД КПБ бастығының орынбасары "қызметкерлерге тәртіп пен заңдылықты үйретудің орнына оларды ұрып-соғып жатқаны" жазылған.
Маңғыстау облысының полиция департаменті ведомствоның кадр саясаты басқармасының жеке құрамы бойынша инспекция қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.