15.04.2023, 20:30

Абай облысында шөп жинауға барған бозбала қайғылы жағдайда көз жұмды

Фото: pixabay
Салдарынан бозбала дене жарақатынан сол жерде қайтыс болды.

Абай облысында кәмелетке толмаған бозбала қайғылы жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

14 сәуірде Бесқарағай ауданында бос жердегі орман шаруашылықтарының бірінде 17 жастағы бозбала өзінің танысымен бірге шөп жинай бастаған.

Жұмыс кезінде трактор мен шөп орау прессінің арасында тұрып, секірмек болғанда, киімі ілініп, қысылып қалған.

Салдарынан бозбала дене жарақатынан сол жерде қайтыс болды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.