Қарақалпақстанда үш жасар қызын сатпақ болған 22 жастағы бойжеткен ұсталды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі азаматтың бала үшін 1500 доллар алуды жоспарлағанын мәлімдеді.
Полиция күдіктіні 5 сәуір күні Нөкіс қаласында ақша алып жатқан жерінде заттай айғақтармен ұстады.
Ұсталған адамға адам саудасы бойынша айып тағылды. Бала балалар үйіне орналастырылды.