$ 482.86  533.17  5.08

«Денсаулығым күн сайын нашарлап барады». Мұхамедиұлы өзін ұйқамаққа ауыстыруды сұрады

Денсаулық жағдайым нашарлап келеді.
Фото: sputniknews.kz
Фото: sputniknews.kz

Адвокат бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау тәрбін үйқамаққа ауыстыруды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл ақпан айында ҚР Ұлттық музейінің экс-директоры А.Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі 2 айға ұзартылған еді.

Айта кетейік, Сот процесі Байқоңыр аудандық №2 сотында қаралып жатыр. А. Мұхамедиұлы сот отырысына онлайн режимде қатысып отыр. Себебі елордада қардың қалың түсуіне байланысты күдікті сот өтіп жатқан ғимаратқа жеткізілмеді.

«Адвокатыңыз қылмыс құрамының болмауына байланысты сізге қатысты қылмыстық істі тоқтату жөніндегі мәселені шешу туралы өтінішпен жүгінді. Сондай-ақ сізге қатысты бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгертуді сұрады», - деді судья Бағлан Ыдырысов сот отырысында А. Мұхамедиұлына қарата айтқан сөзінде.

Өз кезегінде ҚР Ұлттық музейінің экс-директоры осыған дейін аталған мәселеге қатысты тиісті өтініш жасалғанын айтты.

«Үйқамаққа ауыстыру туралы өтініш жолдаған едік. Жақында маған екінші операция жасалды. Денсаулық жағдайым нашарлап келеді. Осы орайда үйқамаққа ауыстыру шешімі дұрыс болар еді», - деді А. Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар ол бұл істі қарауды тоқтату керек екенін айтты.

«Отырыс барысында адвокаттар айтқандай, іс бойынша ештеңе дәлелденбеді, бірде-бір факті жоқ. Соған қарамастан, біз осында қамаудамыз», - деді А. Мұхамедиұлы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары