$ 481.84  531.33  5.07

Сот Арыстанбек Мұхамедиұлын үйқамаққа жіберуден бас тартты

Сот отырысында оның адвокаты сотқа Мұхамедиұлын үйқамаққа жіберу туралы арыз түсірген.
фото: Halyq Uni
фото: Halyq Uni

Астана қаласы Байқоңыр ауданық №2 сотының судьясы Бағлан Ыдырысов экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлын үйқамаққа жіберген жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Айта кетейік, бүгін, 2023 жылдың 17 сәуірінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауда отырған экс-министр, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы және тағы үш адамның соты басталған болатын. Астанада қалың қар жауып, қала ішіндегі көлік қозғалысы қиындаған соң, Арыстанбек Мұхамедиұлы сотқа №64 қамау мекемесінен онлайн қатысты. Оның және өзге де күдіктілердің адвокаттары байланыс нашар екенін алға тартып, сотты оффлайн форматқа ауыстыруды өтінген.

Сонымен қатар, Мұхамедиұлының адвокаты Мұстақым Төлеев Арыстанбек Мұхамедиұлының зейнет жасына жақындағанын, оның денсаулығы нашарлағанын алға тартып, оны үйқамаққа жіберу туралы арыз түсірген. Судья Ыдырысов осы және өзге де талап арыздарды қарау үшін алдымен жарты сағатқа, кейін байланысты нашарлығын алға тартып, сот отырысын үш сағатқа кейінге шегерген. Осы аралықта күдіктілер сот ғимаратына жеткізілген.

«Күдікті Арыстанбек Мұхамедиұлының денсаулығы оны үйқамаққа жіберуге негіз болмайды. Өйткені, Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес, күдіктілер изоляторда да барлық медициналық көмек ала алады. Сондықтан, судья Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қамау шарасын өзгертуге негіз таппады», -деді шешімін жария еткен судья Бағлан Ыдырысов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары