$ 481.84  531.33  5.07

9-сынып оқушысын өлтірген күдіктілерге қатысты жаңа дерек белгілі болды

Одан кейін қыз құлағаннан кейін, анау балаға: "Қане, сен қолын кес" деген, 11-сыныптағыға.
Фото: видео скрині
Фото: видео скрині

Түркістан облысында оқушы қызды өлтірген күдіктілерге қатысты жаңа деректер шығып жатыр. Төрткүл ауылындағы 9-сынып оқушысы Аружан Орынбайды сол мектепте оқитын 11-сынып оқушысы мен 19 жастағы ауылдасы 1 миллион теңге бермесең, жалаңаш фотоңды әлеуметтік желіге жариялаймыз деп бопсалаған.

Алайда мұндай қомақты соманы таба алмаған 15 жастағы қызды бірнеше рет пышақтап, денесін суға ағызып жіберген дейді туыстары.

Қазір күдіктілер қамалып, тергеу жүріп жатыр. Алайда марқұмның туыстары олар жазадан құтылып кете ме қорқады. Себебі ұсталғандардың бірі экс-әкімнің ұлы болса, екінші күдікті ауқатты отбасынан шыққан.

Марқұм Аружанның үйден соңғы мәрте шыққаны көрші үйдің қорасына қойылған бейнекамераға түсіп қалған. Түнгі сағат 12 шамасында әлдекіммен телефонмен сөйлесіп елеңдеген қыз арықты бойлап жүреді. Ал ертесіне 15 жастағы қыздың денесі бұл жерден бірер шақырым жердегі арықтың ішінен табылған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Әжесі оның кісі қолынан өлгеніне сенімді. Себебі үйдің іргесіндегі арықтың маңы әбден қан болған. Өзіне қол салғандай қылған күдіктілер қылмысын жасыру үшін жарақат алған қызды суға тастаған дейді.

"Дыбысы шықпасын деп, бүйтіп кигізіп тұрған да, жаңағы 11-сыныптың баласы қолын артқа ұстап тұрған. Қайырып, анау пышақты екі рет ұрған. Одан кейін қыз құлағаннан кейін, анау балаға: "Қане, сен қолын кес" деген, 11-сыныптағыға. Одан кейін ол қолын кескен. Арықтың жағасында қан деген көл көсір", - дейді Марқұмның әжесі Құрманкүл Салқынбекова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары