$ 498.34  519.72  4.85

Жаңаөзендегі жарылыс: авариялық-құтқару жұмыстарының қорытындысы жарияланды

Қазіргі уақытта 6 адам ауруханада ем алуда.
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Жаңаөзенде жарылыс болған үйде авариялық-құтқару және үйінділерді аршу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы дерегі бойынша, құтқарушылар үйінділердің астынан 4 аман қалған адам мен төрт адамның денесін алып шықты. Қазіргі уақытта 6 адам ауруханада ем алуда.

“Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстарға 40-қа жуық бірлік және 350-ге жуық адам, соның ішінде кинологиялық есеп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция, еріктілер жұмылдырылды. Сағат 18.15-те барлық авариялық-құтқару және үйінділерді талдау  жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласының әкімдігі комиссия құрды. Осы комиссия орын алған жарылыстың мән-жайын анықтап, келтірілген залалды анытайтын болады”, – делінген ведомство хабарламасында.

Еске салсақ, 17 сәуір күні таңертең Жаңаөзен қаласында екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйдің 2-ші кіреберісінде болжам бойынша табиғи газдың шығуаы салдарынан газ-ауа қоспасы жарылды. Жарылыс салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қирап, 4 пәтер зардап шекті.

Бұдан бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен 13 адамның екеуі жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары